{metadescription}
Ақтөбеде арамшөптен аллергиясы асқынғандар көбейген
Ақтөбеде арамшөптен аллергиясы асқынғандар көбейген

Ақтөбеде арамшөптен аллергиясы асқынғандар көбейген

Ақтөбеде арамшөптің кесірінен аллергиясы асқынғандар көбейген. Қазір өңірдің әр екінші тұрғыны пысқырып-түшкіріп, әрең демалып жүр. Тыныс алу жолдарын тітіркендіретін ойраншөп көше бойында қаулап тұр. Енді ақтөбеліктер соны түгел отап тастауды талап етуде. Ал әкімдіктегілер әліміз келгенше шөп шабумен жүрміз деп ақталады.

Алмагүл Бақтыгерейқызының бірер күн бұрын тынысы тарылып, демікпесі күшейген. Дереу жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіпті. Ойраншөп піскен кезде аллергиясы күшейіп кеткен.

Алмагүл Бақтыгерейқызы:

- Шілде, тамызда күшейеді. Шөптен аллергия береді. Демікпе. Дем ала алмай қаламын.

Дәрігерлер биыл аллергиясы асқынып демікпеге шалдыққандар көбейді деп отыр. Қазір аллерго орталықта бос керуерт жоқ. Ауруханаға пысқырып-түшкіріп жүргендердің бәрін жатқыза бермейді. Тек ауыр науқастарды ғана аламыз дейді. Аллергияға шалдыққандардың артуын мамандар да ойраншөпті отамаудан көріп отыр.

Светлана Есекеева, Ақтөбе аллергия және респираторлық медицина орталығының меңгерушісі:

- Бірінші – экология дейміз. Сосын арамшөптер дейміз. Қазір арамшөп көбейіп кетті. Кісілер өз үйінің маңындағы арамшөптерді жұлмайды, жинамайды. Соның ішінде балалар ойнайды. Сосын аллергия шөптерден болады. Астмаға, отекке асқынып кетеді.

Ал шенеуніктер арамшөппен күн сайын алысып жатырмыз деп ақталады. Шөп шабуға бірнеше бригада жасақтапты. Бірақ жауын жауса, көше бойына қаулап шығады дейді.

Мирас Әжібаев, Астана ауданы ТКШ бөлімінің басшысы:

- Қазір, тамызда шығатын аллергиялық өсімдіктер бар. Осы амброзия, циклонея және павилика дегендер. Сол шөптерді шауып жатыр. Бізде проблемалы аудан болады. Осы Мәскеу мен Болашақ шағын аудандары. Өйткені көше бойында осындай шөптер өседі.

Өсімдіктер арасында аллергияны өршітетін – ойраншөп. Тамыздан бастап гүл атып, қазанға дейін жалғасады. Мамандар бұл шөпті құрту үшін оны орғаннан гөрі, тамырымен жұлған тиімді деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде