Қазақстанға Италияның құмырсқасын өткізбек болған
Италияның құмырсқасын Қазақстанға өткізбек болған. Алматы халықаралық әуежайында күтпеген жағдай болды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
23.08.2023
Жүкті тексеру кезінде заңсыз тасымалданған құмырсқалар табылды. Тірі жәндік 7 түтікше мен 22 пластикалық контейнерге ұқыптап салынған. Кондитерлік қораптың ішінен шыққан құмырысқалар шетелден кімнің жіберген сәлемдемесі екені және Италия әуежайынан қалай өткізгені әзірге белгісіз. Тасымалдау бойынша ешқандай құжаты жоқ. Аталған дерек бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жіберілді.
Айжан Бекеева, Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы:
- Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 21.04.2015 ж. №30 шешімінің 2.6тармағына сәйкес 01-топқа жататын сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне кіреді. Осылайша рұқсат құжатсыз тірі жәндіктерді Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!