{metadescription}
Атырауда «Ұлттық қыздар мектебінің» жұмысы тоқтатылды
Атырауда «Ұлттық қыздар мектебінің» жұмысы тоқтатылды

Атырауда «Ұлттық қыздар мектебінің» жұмысы тоқтатылды

Атырауда «Ұлттық қыздар мектебі» атымен жұмыс істеген мекеме біржола жабылды. Өткен жылы бұл жекеменшік білім ошағы оқушы қыздарға салафиттік бағытта тәлім беріп жатыр деп өңірде дау туған еді.

Ауданаралық экономикалық сот жыл бойы оқушыларға лицензиясыз білім беріп келген мектептің жұмысын тоқтатқан.

Былтыр 100-ден астам бойжеткенді қабылдаған бұл жекеменшік оқу орнының жұмысына атыраулықтар күмәнмен қарап, әлеуметтік желіге бейнежазбалар таратты. Онда олар бұл мектепте оқитын қыз балалар түгелдей хиджабпен келетінін айтқан. Кейін ол қоғамдық резонанс туғызды. Мектеп басшылары мұны жоққа шығарып, «мекеме қазақы салт-дәстүрді ұстанады, балалар ұлттық киімдермен келеді» деп ақталды. Бірақ жекеменшік мектепті ашқан кәсіпкерлер білім беру қызметін көрсету үшін лицензия алмай, жұмысын бастап кеткен. Заңдылыққа сай олар алты ай ішінде рұқсат алуы тиіс екен. Алайда жыл бойы лицензиясыз білім беріп, оқу жылын аяқтапты. Осылайша білім беру сапасын бақылау департаменті заңдылықтарды бұзған кәсіпкерді сотқа берген.

Бердібек Тайышов, Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

- Өткен жылы мәселе анықталғаннан кейін бірнеше рет тексеру жүргізілді. Атырау облысы әкімшілігі сот арқылы екі рет айыппұл салынды.Сонымен қатар бұл мектеп лицензия алуға өтініш білдірген. Алайда олардың біліктілік талаптары лицензия алуға сәйкес келмеді. Сондықтан бұл мекеме лицензиясын алмады. Біз эколоникалық мамандандырылыағн сотқа бердік. Соттың щещіміне сәйкес қызметі тоқтатылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде