{metadescription}
Енді Оңтүстік Кореяға заңды түрде барып, жұмысқа тұруға болады
Енді Оңтүстік Кореяға заңды түрде барып, жұмысқа тұруға болады

Енді Оңтүстік Кореяға заңды түрде барып, жұмысқа тұруға болады

Отандастарымыз енді Оңтүстік Кореяға заңды түрде барып, жұмысқа тұра алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгінде осы мемлекеттің "Жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне" ел азаматтарын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Шығыс Азия еліне жұмысқа барғысы келетіндерді дайындайтын арнайы оқыту орталықтары ашылатын болады.

Онда ауызекі корей тілі үйретіліп, сол елде өмір сүру қағидаттары айтылады. Баратын азаматтың денсаулығы да Қазақстан шекарасынан өтпей жатып толық скринингтен өткізіледі. Одан кейін ақша тауып,табысқа кенелеміз деген қазақстандықтар еңбек келісімшартына қол қояды. Онда Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес, жұмысқа кірген адамға қойылатын шарттар бүге-шігесіне дейін жазылған.

Сыртқы істер министрлігі бұдан өзге әлемнің алпауыт компаниялары шоғырланған Біріккен Араб Әмірліктері,Түркия, Ұлыбритания сияқты елдермен келісімшартқа отыруды көздеп отыр. Келіссөздер бір жолға қойылып, тараптар мәмілеге келсе, азаматтардың мигрант ретіндегі барыс-келісі заң шеңберінде болады. Жалпы айналдырған соңғы үш айдың ішінде 200 мың қазақстандық жұмыс іздеп шетел асып кетіпті. 162 мың адам Ресейге аттанса, Польшада 13 мың, ал Оңтүстік Кореяда 6 мыңға жуық қазақстандық жүр.

Асқарбек Ерсаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы:

- Елімізге негізінен ТМД елдерінен Қытай және Моңғолияның азаматтары тұрақты тұруға, жұмыс істеуге келіп жатыр. Ал біздің қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияға жиі жұмыс іздеп кетеді. Қазақстандықтардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін еңбек министрлігі мен сыртқы істер министрлігі Түркиямен, Ұлыбританиямен және Оңтүстік Кореямен жаңа келісімдер жасасуға бастамашылық жасап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде