Қырғыз-қазақ шекарасында кептеліс азайды
Қырғыз-қазақ шекарасындағы төрт күннен бері бірнеше шақырымға созылған көліктер азаюда. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, бекеттерде Қазақстан аумағына көлік өткізу жеделтілген.
Автор: Шерхан Абзалұлы
24.08.2023
Еуразиялық экономикалық комиссия:
- Қырғызстан Республикасындағы мониторинг кезінде шекарадағы көлік кептелісі қалыпқа келіп жатқанын көрсетті. 24 тамыздағы көрсеткіш бойынша, Қырғызстаннан Қазақстанға өтпек болған көлік саны сағатына екіүш машинадан сегіз-тоғызға ұлғайды. Еуразиялық экономикалық комиссия жағдайды бақылауда ұстайды.
Екі ел арасындағы ең үлкен дәліз саналатын өткізу пункттерінде кеше кептелген жүк көлік саны 500-ден асып жығылған. Ал көрші елден Қазақстанға кіре алмаған жүргізушілер мен жолаушылар сонда тәуліктеп түнеген болатын. Сондай-ақ қос мемлекет те бұндай келеңсіздік туындауына ағын су мәселесінің еш қатысы жоқ деді. Ал Еуразиялық экономикалық комиссия шекарадағы ахуалдың бірте-бірте жақсарып келе жатқанын жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!