{metadescription}
Суармалы су тапшылығын жою үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр
Суармалы су тапшылығын жою үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр

Суармалы су тапшылығын жою үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр

Суармалы су тапшылығын жаңа су қоймаларын салу арқылы жоюға болады. Осыдан екі жыл бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін тоғыз жаңа су қоймасын салуға тапсырма берген еді.

Алайда қазір оның тек біреуі ғана іске қосылған. Қалған сегізінің әлі жоба-сметасы әзірленбепті. Жауаптылар жаңа нысандардың құрылысы тек 2029 жылға қарай бітеді деп отыр.

Сейілбек Нұрымбетов, ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- 2025 жылға дейін тоғыз су қоймасын салуға жұмыс істеп жатырмыз. Оның біріншісі, Түркістан облысына су қоймасы берілді. Қазір жобасметалары бар, іздестіру сынды жұмыс істелініп жатыр.

Бүгінде су тапшылығы Жамбыл облысындағы алты өңірде ерекше сезіліп тұр. 400-дей шаруаның алты мың гектар егіс алқабы күйіп кеткен. Шырылдаған шаруалардың шығынын жергілікті атқамінерлер өтеп береміз деп отыр. Ал ағын су азабын тартқан диқандар мен су тапшылығы мәселесін ортаға салған мамандар бүгін Аралдың қайта толысып жатқанын айтты. Бастапқы көлемінен төрт есе тартылған теңіздің солтүстік бөлігі қайта қалпына келтіріліп жатыр екен. Қаңырап бос қалған елдімекендерге жан бітіп, Еуропаға балық өңдеп экспорттайтын зауыттар қайта іске қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде