{metadescription}
Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды
Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды

Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды

Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Астана ауданаралық соты бүгін жемқорлық бабымен айыпталған экс-шенеунікке осындай үкім шығарды.

Аюповтан, сондай-ақ 422 млн 800 мың теңге қаражат өндіріледі. Дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Үкім шығарылғаннан кейін сөйлеген соңғы сөзінде Рашид Аюпов үкіммен келіспейтінін жеткізді.

Кентаудың бұрынғы әкіміне кәсіпкерден 2 млн 800 мың доллар пара алды деген айып тағылған еді. Есесіне ол бизнесменге тендер ұттырып беруге уәде еткен. Тергеу хаттамасында көрсетілгендей, аса ірі көлемде пара алған Рашид Аюпов сол ақшаға Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі мен Астанадағы элиталы коттедж қалашығынан 90 млн теңге тұратын баспана сатып алып, туысының атына рәсімдеген. Бұл қылмыстық істе Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың де есімі жиі аталған болатын. Ол әкім болған кезде айыпталушы әкімдіктің аппаратын басқарған. Аюпов Илон Маскке Түркістаннан зауыт салу туралы ұсыныс жасап, өзі мүгедектерге арналған арбаға отырып жол сапасын тексерген әкім ретінде ел есінде қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.