{metadescription}
Экологтар Алматыда бетперде тағып жүруге кеңес берді
Экологтар Алматыда бетперде тағып жүруге кеңес берді

Экологтар Алматыда бетперде тағып жүруге кеңес берді

Алматыда кешелі бері ыс иісі сейілмей, экологтар тұрғындарға бетперде тағып жүруге кеңес берді. Ауаның ластануына Жетісу ауданында орналасқан қоймадан шыққан өрт себеп. Онсыз да көліктердің көк түтінінің құрсауында тұрған шаһардың ауасы қоюлана түсті.

От ламинат секілді құрылысқа қажет материалдар сақталған қоймада бас алған. Төтеншеліктерге хабар түнгі бір жарымда түскен. Аспанға шарпыған жалын қойманың темір қаптамасына дейін балқытып жіберген. Оқиға орнына жеткен 60 құтқарушы мен 16 техника жабылып жүріп, бір сағаттың ішінде өртті өшірді. Дегенмен күйіктің иісі бір ауданды емес, қаланың жарты бөлігіне жайылды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ешқандай қауіп жоқ екеніне сендіріп, тек бетперде тағуға шақырды.

Арман Мәкенов, Жетісу ауданы ТЖБ басшысы:

- Қоймаларда көп жанғыш зат сақталуына байланысты түтіндеп жатыр. Соған байланысты Алматы тұрғындары мен қонақтарына берер кеңесіміз: үйде қалып, тыныс жолдары аурулары бар тұрғындарға бетперде қолдануды сұраймыз және қарт адамдар далаға шықпағаны жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде