{metadescription}
Генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды
Генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды

Генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды

Ғұмырын елдің қауіпсіздігіне арнаған тағы бір тау тұлға өмірден өтті. Кеше арнаулы мемлекеттік органдардың ардагері, генерал-лейтенант Болат Баекенов айықпас дерттен қайтыс болды.

81 жыл ғұмырында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ішкі істер министрі, президентті күзету қызметін де басқарған.

Марқұмның достары «Болат Баекенов қатаң тәртіп пен қатал заңның аясында жарты ғасыр өмірін сарп еткен батыр» деп еске алады. Әр ісінде адалдық пен тазалыққа мән берген адам, тәрбие мен асқақ білімінің арқасында осы жағдайға жеткен дейді. Үзеңгілестері ешкімнің көңілін қайтармайтын қарапайымдылығын да айтты.

Еркін Мұсабаев, марқұм Б.Баекеновтың досы:

- Сондай жай қызметтен де ол кісі бас тартпайтын. Керек болса, кірісіп кетіп, сол қатардағы қызметкермен бірге қара жұмысты да істей беретін. Кабинетінің алдында топырлаған адам болған емес. Себебі, ол барлығын қабылдайтын, уақыт табатын. Кешке сағат 11ге дейін, 12-ге дейін жұмыста отыра беретін, жұмыс істей беретін, ерінбейтін. Бұл мемлекет үшін, ел үшін, жер үшін, бар өмірін сарп еткен адам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде