«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 66 млрд 600 млн теңге бөледі
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 66 млрд 600 млн теңге бөледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Автор: Айғаным Достанбай
25.08.2023
Президенттің Жолдауы аясындағы бастамалардың бірі – «Самұрық-Қазына» қорындағы жыл сайынғы кірістің кемінде жеті пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару болды. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, 66 млрд-тан астам соманы бөлу туралы шешім қабылданған.
Қор мәліметінше, халықты әлеуметтік қолдау бағытында бүгінде медицина, білім беру мен спортты қоса алғанда, алты бағытта 35-тен астам қайырымдылық бағдарламасы жүзеге асырылған.
Оның бірсыпырасы:
- Ауыр, өмірге қауіп төндіретін және органдық аурулары бар 324 қазақстандық жалпы сомасы 24 млрд теңге болатын қымбат дәрілік препараттармен қамтылған.
- 20 пациент жалпы сомасы 585,1 млн теңгеге шетелде емделді.
- Жаңа оқу жылында халықтың әлеуметтік осал санаттарынан шыққан студенттерге 850 білім беру гранты бөлінді.
- Ауылдарда 24 спортзалы ашылды.
- 15 мыңнан астам баланы қамтитын тағы 76 спортзалы ашылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!