{metadescription}
Астанаға келген Тәжікстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.
Астанаға келген Тәжікстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.

Астанаға келген Тәжікстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.

Бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді. Бауырлас елдің мемлекет басшысын әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.

Жалпы қос ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жылдан-жылға бекіп келеді. Сандарды сөйлетсек, былтыр екі ел арасындағы алыс-беріс 1 жарым млрд доллар болған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп Қазақстан тәжік ағайындар үшін Ресейден кейінгі екінші ірі серіктес. Экономикалық әріптестіктен бөлек, Қазақстан мен Тәжікстанның мүддесі тоғысатын салалар да жетерлік.

Астана төріндегі кезекті басқосуда мемлекет басшылары қазіргі геосаяси жағдайдағы алыс-беріс, көлік тасымалы мен инвестиция тақырыбын қозғады. Алдағы күндері Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжік мәдениеті күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Сізбен елордамызда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біздің бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарымқатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы Тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.