{metadescription}
Көкшетауда менеджер өзі жұмыс істейтін аавтосалонды тонаған
Көкшетауда менеджер өзі жұмыс істейтін аавтосалонды тонаған

Көкшетауда менеджер өзі жұмыс істейтін аавтосалонды тонаған

Көкшетауда автосалонды сонда істейтін менеджері тонаған. 30 миллион теңге салынған сейфті көтеріп кеткен 26 жастағы азамат бір тәулік өтпей қолға түсті.

Өзі жұмыс істейтін автосалондағы ұрлыққа менеджер алдын ала әзірленсе керек. Ол жұмыстан кейін барлық бейнебақылау камераларын сөндірген. Түнделетіп келіп есепшінің есігін бұзып ашып, шағын сейфті алып кетіпті. Үйіне әкелген соң темір сейфті арнайы құрылғымен кесіп, 30 миллион теңгені алған. Оның 23 миллионын өз есепшотына аударып үлгерген. Ал қалғанын үйіндегі бильярд залына жасырып қойған. Бір тәуліктің ішінде қолға түскен 26 жастағы азамат полицияға ақшаны тыққан жерінен алып берді. Аса ірі көлемде ақша ұрлаған 1997 жылы туған азамат қамауға алынды.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жедел іздестіруде 26 жастағы салон менеджері қолға түсті. Ұрланған ақша толық тәркіленді. «Ұрлық»бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.Ол істеген қылмысын мойындап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде