Экономиканың жақсаруы әр отбасының өмір сүру деңгейіне байланысты
Экономиканың жақсаруы әр отбасының өмір сүру деңгейіне байланысты. Алматыда Халықаралық әлеуметтану және саясат институты «Үй шаруашылығы эталоны 2030» кешенді зерттеуінің екінші сатысын аяқтады.
Автор: Салтанат Шырынхан
25.08.2023
Жұмыс барысында қаладағы және ауылдағы жанұяның өмір сүру деңгейін салыстырып, әйелдер мен ерлер арасында сауалнама жүргізген. Сарапшылардың үй шаруашылығын дамыту үшін, ең алдымен, ішкі жүйемізді реттеу керек деген бірқатар ұсынысы бар.
Андрей Хан, «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қорының директоры:
- Біздің экономикамыз және оның даму қарқыны мен көлемі, өкінішке қарай, үй шаруашылығының қажетті деңгейге жетуіне мүмкіндік бермей отыр. Азаматтар тарпынан да, мемлекет тарапынан да. Біз былтырдан бері жүргізіп жатқан зерттеуімізде экономиканың кері кетіп бара жатқанын байқадық. Мұның алдын алып, қандай да бір шара қолданбасақ, көрсеткіш көтерілмейтін түрі бар.
Алқа жиында бас қосқан сарапшылар бүгін зерттеудің екінші нәтижесін ортаға салды. Олар әрбір адамның өмір сүру деңгейі өзіне ғана емес, еліміздің экономикасына тікелей байланысты деп отыр. Ал бұл салада қордаланған мәселе көп. Соны жіктеп көрсеткен олар, ең алдымен, бюджет, мемлекеттік реттеу, стратегиялық жоспарлау, энергетика саласының барлығы үй шаруашылығының дамуына мүмкіндік бермей отыр дейді. Жұртшылықтың күнкөрісі есепке алынғанымен, оның шығыны мен қажетін ескеріп жатқан ешкім жоқ. Мәселен, қаладағы ауқатты отбасы мен ауылдағы қарапайым жанұяның өмір сүру деңгейін салыстырған. Онда тұтынатын тамағынан бастап, киімі және тұрмыстық қажеттігі кіреді. Соның барін есепке алмағандықтан, экономиканы жоспарлауда да олқылық көп дейді жиналғандар.
Марат Шибұтов, «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры директорының орынбасары:
- Бізге енді кәсіпті қолдауды және әлеуметтік шығынды қысқартып, қазынадан бөлінетін қаражаттың көп бөлігін инфраструктураға аудару керек. Ол: жылу электр орталығы, желілер, су электр станциялары. Тариф құнының көтерілуі 45 жыл ғана әсерін береді. Ал бізге нәтижесі қазір керек. Жаттанды әдісті емес, жаңаша тәсіл табу керек. Өйткені бұл біздің өндірісімізге кесірін тигізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!