Сайт құрылды: Ұлт кинематографиясы тарихын тереңірек білеміз
Ұлттық кинематографияның тарихын тереңірек білуге мүмкіндік туды. Енді қазақ режиссерлері, актерлері мен сценаристерінің өмірбаяндары ғана емес, олардың отбасылық мұрағаттарынан алынған бірегей фотосуреттер де жарияланатын сайт құрылды.
Автор: Мерей Қалиасқар
25.08.2023
Zamanmedia.kz ашық порталында кең көлемді мұрағат жиналады. Атап айтқанда: киногерлер туралы ақпарат, түсірілім алаңынан фотосуреттер, бейне және аудиоматериал сынды жазбалар жүктеледі. Яғни ресурстан фильм және оның айналасындағы жандар жайлы білгісі келген адам мейлінше мол ақпарат ала алады. Сондай-ақ, Youtube -пен байланыстыру да жоспарда бар. Эксклюзивті бейнематериалдар орналаспақ. Жалпы дарынды жастардан құралған топтың идеясын сәтті іске асыруға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болды. Былтыр олар «ЖасSTAR Grants Program» атты республикалық гранттар байқауында жеңімпаз атанып, 2 млн. теңге қаржылай қолдау алды. Жоба 5 жыл бойы жан-жақты зерттелді. Алғашқы кезекте қазақ киносының тарихына, қатары сиреп жатқан киногерлерге ден қойылмақ. Одан соң тәуелсіздік кезеңіне назар аударылады. Мақсат қоғамның әсіресе жастардың кино саласындағы білімін молайту. Әзірге порталда толықтыру жұмыстары жүргізілуде.Бірегей сайт 12- қыркүйекте іске қосылмақ.
Евгений Лумпов, жоба жетекшісі:
- Біз алғаш рет 2018 жылы осындай жұмыстың қажеттілігін сездік, Ресейде Мәжит Бегалиннің фильмі көрсетілген соң қазақстандық көрермендерден режиссер, суретші, актер, оператор туралы көп сұрақ келді. Зерттеу барысында ашық ресурста қолжетімді ақпарат таппадық. Міне, осы қажеттіліктен Zamanmedia жобасы дүниеге келді. Бүгін жоба бірінші кезеңінде. Біз қарапайым әрі түсінікті навигациясы бар интернетпортал құрдық, аудиториямызды қалыптастыру және пікірлес адамдарды іздеу үшін әлеуметтік желілерді іске қостық, түпнұсқа мазмұн бойынша белсенді жұмыс жүргіземіз. Біз қазақ киносының тарихын, мұрағаттын ғаламторға жүктеп, киногерлерді танытқымыз келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!