{metadescription}
«Оңтүстік Қаратұрын» ұңғымасындағы өрт үш ай жанып жатыр
«Оңтүстік Қаратұрын» ұңғымасындағы өрт үш ай жанып жатыр

«Оңтүстік Қаратұрын» ұңғымасындағы өрт үш ай жанып жатыр

Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» ұңғымасындағы өрт үш айдан бері әлі ауыздықталған жоқ. Жер астындағы жалынды өшіруге энергетика министрлігі қосымша күш тарту керек дейді.

 «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы №303 ұңғымадағы өрт 9 маусымда тұтанған. Мамандар жер астындағы газ аралас сұйықтық жанып жатыр дейді. Оны өшіруге қосымша күш тартылмақшы. Барлық шығын жер қойнауын пайдаланушының есебінен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, маусым айында Ақтаудан 277 шақырым жердегі кен орнында ұңғыманы жөндеу кезінде жер астынан газ-су қоспасы атқылап, арты өртке ұласқан. Мамандар оны өшірудің түрлі шарасын қолданды. Алайда жер ойылып, ұңғыма жер астына түсіп кеткен.

Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Қосымша тағы да бір нұсқа болу керек. Себебі, бұл оңай апат емес. Оған біз бірнеше тәсілін қарастыруымыз керек. Қазір нақты жоспар бойынша жүріп келе жатыр. Оперштабтың жоспары бойынша. Қосымша біз басқа елдің де бұрғылау мекемелеріне және институттарына хабарластық. Қытай еліне, «Пм Лукс» деген компанияны қостық. Бір ұңғыманы жою үшін қосымша 4 ұңғымада жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде