{metadescription}
Шымкент, Түркістан облысының тұрғындарын нөсер мен бұршақ әбігерге салды
Шымкент, Түркістан облысының тұрғындарын нөсер мен бұршақ әбігерге салды

Шымкент, Түркістан облысының тұрғындарын нөсер мен бұршақ әбігерге салды

Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындарын нөсер жауын мен бұршақ әбігерге салды. Табиғаттың тосын мінезінен ағаштар құлап, көліктер бүлінген. Абырой болғанда адамдар дін аман.

Түнгі сағат 11-лер шамасында басталған бұршақ Шымкент көшелерін әп-сәтте астаң-кестең қылды. Көлемі бас бармақтай түйіршік мұздар көліктердің терезесін шағып, ағаштарды құлатқан. Бірақ жедел жәрдем көмегіне ешкім жүгінбепті. Тәулік бойы құйған нөсер жауыннан көшені су басып, мамандар түні бойы арықтарды тазалаумен әлек болған.

Табиғаттың тосын мінезінен Түркістан облысы да зардап шекті. Әсіресе Арыс пен Сайрам аудандарында жағдай қиын болған. Құтқарушылар 24 үйдің ауласын су басты дейді. Ал Келес ауданында екі бірдей көпірді су шайып, қазір көліктер айналма жолмен қатынауда. Төтенше жағдайлар департаменті алдағы уақытта сел қауіпі жоғары деп ескерту жасады.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Айлық мөлшерден 2 сағат 45 минутта түскен жауыншашын мөлшері 29 есе көп болып тұр. Қазгидромет мемлекеттік мекемесінің ескертуіне сай алдағы күндері де облыс аумағында қатты жауын күтілуде. Таулы аумақтарда бұршақ болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.