АШМ: Құрғақшылыққа қарамастан, күріш тапшы болмайды
Құрғақшылыққа қарамастан, күріш тапшылығы болмайды. Бұл туралы арнайы брифингте ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Автор: Мерей Қалиасқар
28.08.2023
Ведомство өкілінің айтуынша, Қызылорда диқандары қуаңшылықтан зардап шекпеді. Сол себепті ылғалсүйгіш күріш дақылына аса бір алаңдауға негіз жоқ. Жылдық күріш түсімі қанағаттанарлық деңгейде болады деп күтілуде. Шамамен 240 мың тонна өндіріледі. Ел тұрғындары соның жартысын ғана тұтынады. Ал қалғаны экспортқа жөнелтілмек.
Шаймерден Ахметов, АШМ аграрлық азық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті директорының м.а.:
- Құрғақшылық салдарынан күрішсіз қалу деген мәселе туындамайды. Оның үстіне бірсыпыра бөлігін экспортқа шығаруға да әлеуетіміз жетеді. Ресей мен Үндістанға экспорттың жабылуына байланысты басқа елдерге күріш экспорттауға мүмкіндік бар. Десе де ол жақта бағаның қандай болатынына және өндірушілерімізге қай жерге жіберу тиімдірек болатынына байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!