Атыраудағы перзентханада егеуқұйрық қаптап жүр
Атыраудағы перзентханада егеуқұйрықтар толып жүр. Ас-суды аралап жүрген кеміргішті босануға келген әйелдердің бірі түсіріп алған.
Автор: Жанат Молдашова
28.08.2023
Ана мен бала жататын палатада тышқан жүргенін видеодан анық аңғаруға болады. Кеміргіш тіпті адамдардан да қорқатын емес.
Қазір Атырау облысы перинаталдық орталығында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан жүкті әйелдер қала сыртындағы перзентханаға көшірілген. Ғимарат жазық жерде орналасқандықтан, дала тышқандары көп кездеседі. Бірақ дезинфекцияны жиі жүргізіп тұрамыз дейді перзентхана басшылары. Бірақ одан нәтиже жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!