{metadescription}
Ыбықты шатқалын бүлдірген мәдениет үйінің директоры кешірім сұрады
Ыбықты шатқалын бүлдірген мәдениет үйінің директоры кешірім сұрады

Ыбықты шатқалын бүлдірген мәдениет үйінің директоры кешірім сұрады

Маңғыстау облысындағы Ыбықты шатқалына адам атын ойып жазған мәдениет үйінің директоры ел-жұрттан кешірім сұрады. Манас Көшербаев жардағы бейәдеп жазбаларды жасыру үшін осындай қадамға бардым деп ақталуда.

Манас Көшербаев, Ақтөбе зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры:

- Дөрекі сөзді әдемі сөзге айналдырмақ ниетім болды. Аңдаусызда жаза бастым, ағайын. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Аса қатты сөкпеңіздерші. Тарихи жәдігерге қылдай болса да, қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстау жұртының алдында кешірім сұраймын.

Ақтөбе тұрғыны тұмса табиғатты бүлдіруге ниетім болған жоқ дейді. Ол еңбек демалысында Маңғыстаудағы тарихи-мәдени жерлерді аралап жүрген көрінеді. Сол кезде Ыбықты шатқалында адам атын жарға ойып жазған. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіге таралып, халықтың ашу-ызасын тудырды. Енді Ақтөбе мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегілер директордың мәселесін тәртіптік кеңесте қарамақшы.

Гүлжайна Бисенғалиева, Ақтөбе мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Әзірге еңбек демалысында болуына байланысты ешқандай шара қолдана алмаймыз. Ертеңнен бастап жұмысына шақырылады. Түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Сосын заңнамаларға сәйкес тиісті шара қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде