Жолдау: Резидентураға берілетін грант 70 пайызға артқан
Резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артқан. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының аясында іске асырылған міндеттердің бірі.
Автор: Айғаным Достанбай
28.08.2023
Нақтырақ айтсақ, 2023 жылы грант саны 1500-ден 2500-ге дейін өсті. Осы ретте мамандар медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады.
Гранттар саны бойынша акушерлік іс және гинекологияға баса назар аударылып отыр. Жалпы саны — 214, анестезиология және реаниматология — 200, неонатология — 119, терапия — 115.
Сондай-ақ жалпы хирургия, неврология, психиатрия сынды бағыттар бойынша да мемлекет есебінен оқыту қарастырылған.
Ал 1 қыркүйек күні Президент Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды деп жоспарланып отыр. Осыған дейін Ақорда мәлімдегендей, Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық дамудың жаңа моделіне көшу туралы айтады деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!