{metadescription}
Алматыда жеңіл көлік аялдамада тұрған 7 адамды қағып кетті
Алматыда жеңіл көлік аялдамада тұрған 7 адамды қағып кетті

Алматыда жеңіл көлік аялдамада тұрған 7 адамды қағып кетті

Алматыда жеңіл көлік аялдамада тұрған 7 адамды қағып кетті. Оның екеуі жасөспірім. 15 және 16 жастағы балалардың басы жарақаттанып, миы шайқалған. Жарақат алған тағы бір адамға ота жасау керек дейді дәрігерлер.

Оқиға күндіз Абылай хан мен Райымбек көшелерінің қиылысында болды. Mercedes тізгіндеген 36 жастағы жүргізуше рульге ие бола алмай, автобус аялдамасына ұрылған. Сонда қоғамдық көлік күтіп тұрған 7 адам зардап шекті. Жарақат алған екі жасөспірім Балалар шұғыл көмек көрсету орталығына, қалған бес науқас Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіліпті. Үшеуі толық тексеруден кейін үйіне қайтарылған. Ал емдеу мекемесіне жатқызылғандар арасында жасы 70-ке қараған зейнеткер де бар.

Ермек Желдібаев, Алматыжедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Сағат екішамасында жедел жәрдем каретасымен бес адам келіп түсті. Екі науқасқа көмек көрсетілгеннен кейін травматология бөліміне жатқызылды. Олардың жалпы жағдайы орташа ауыр. Бір науқасқа жағдайы қалыпқа келгеннен кейін ота жасалады. Екінші науқас консервативті емге жатқызылды. Ота балтыр сүйегінің сынығын қалпына келтіру отасы жасалынады. Жасы 21ден 68-жасқа дейінгі әйелдер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.