{metadescription}
«Састөбе цемент» Түлкібас ауданында оқушыларға тегін құрал-жабдық үлестірді
«Састөбе цемент» Түлкібас ауданында оқушыларға тегін құрал-жабдық үлестірді

«Састөбе цемент» Түлкібас ауданында оқушыларға тегін құрал-жабдық үлестірді

Түркістан облысындағы Састөбе цемент зауыты бір мезетте 360 баланы қуантты. Кәсіпорын Түлкібас ауданындағы көпбалалы және мұқтаж отбасыларды мектеп формасы мен кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясындағы «Балаларға бірге көмек берейік» атты қайырымдылық шарасына Қазақстан халқы ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы мен Шерхан Мұртаза атындағы ВАКФ қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірлесе мұрындық болған.

Түлкібас ауданындағы Састөбе елдімекенінде ұлан-ғасыр мереке. Мәдениет үйінің үлкен залына оқушылар мен ата-аналарды жинаған кәсіпкерлер тау болып жиналған мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-сайман үлестіріп жатыр. Әр балақайға қалам,дәптері мен құралдар салынған сөмке, мектеп формасы мен спорт киімдеріне дейін таратылды.

Әйгерім Оспанова, Састөбе ауылының тұрғыны:

- Бес балам бар. Үшеуі оқушы, мектепке барады. Бұған да Құдайға шүкір, тәуба! Бұл да бір көмек, бұл да бір жәрдем, кішкене болсын жеңілдік, мына қиынқыстау, қымбат заманда. Бұл акцияны ұйымдастырған зауыт басшылары мен кәсіпкерлерге, көпшілік халыққа көп рахмет!

Қайырымдылық шарасына мұрындық болған Шерхан Мұртаза атындағы ВАКФ қайырымдылық қоры мен Қазақстан халқы ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы Түлкібас ауданындағы мектептерден мұқтаж отбасылардың тізімін алдын ала сол мектептерден қоғамдық кеңес арқылы алған екен. Әр оқушының қажеттілігіне қарай 30-35 мың теңге қаржы жұмсап, жалпы сомасы 10 миллионнан аса қаражат бөлінген.

Қайрат Айтбай, Қазақстан халқы ассамблеясы, Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы:

- Неге бүгінгі қаражаттың негізгі бөлігін Састөбе цемент зауыты салды десеңіз, оның себебі – бұл ісшара осы жерде, осы өңірде болып жатыр. Ал Қазақстан халқы ассамблеясы – ол бүкіл Қазақстанға тарайды. Оның төрағасы – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Қазақстанның әр өңірінде осындай ісшаралар өтіп жатыр.

Биыл 360 оқушыны мектепке дайындаған Састөбе цемент зауыты былтыр да қайырымдылықтан қалыс қалмапты. Ол кезде 150-дан аса оқушыға керек-жарағын алып берген. Қайырымдылық ауқымын жылдан‑жылға кеңейтіп жатқан қауымдастық келер жылы да бұл игі шара жалғасын табады дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде