Екібастұздағы апатта теміржолға екі вагон күкірт қышқылы төгілді
Екібастұзда пойыз апатқа ұшырап, темір жол бойына екі вагон күкірт қышқылы төгілді. Шойын жолда жайрап жатқан химиялық улы заттың көлемі 78 тоннаға жетеді. Оқиға орнында тұмшаланған төтеншеліктерден бастап, арнайы мамандар күкіртті залалсыздандырып жатыр.
Автор: Шерхан Абзалұлы
29.08.2023
Ақырбек Баяхметов, Павлодар облысы ТЖД басқарма бастығы:
- 15 адам "Қазақстан темір жолы" қызметкерлерімен жою жұмысы жүріп жатыр. Құммен жанжағына сеуіп жатыр. Үстінен әк себеді.
Цистернадан аққан химикат Екібастұз-2 станциясының аумағына аққан. Мамандарға бұл туралы сондағы әскерилендірілген теміржол күзеті хабарлапты. Құзырлы органдардан құрылған арнайы штаб қазір күкірт жайылған жерге тонналап әк төгіп жатыр. Ал экологтар жерге жайылған химикат адам өміріне еш қауіп төндірмейді деп сендіріп отыр.
Мағзұм Күкімбаев, Павлодар облысы экология департаменті басшысының орынбасары:
- Сараптама қорытындысына сәйкес жерге төгілген күкірт қышқылы ондағы адамдар мен жолаушылар өміріне қауіп төндірмейді. Тек экологиялық зияны тиіп жатыр деуге болады. Қазір осыған қатысты тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Жағдай бақылауда. Кінәлілер іздестіріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!