{metadescription}
Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған күдіктінің соты басталды
Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған күдіктінің соты басталды

Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған күдіктінің соты басталды

Астанада дүйім елді елең еткізіп, банк қызметкерлерін тұтқынға алған күдіктіге қатысты сот басталды. Алғашқы процесте жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алынды. Сотталушы Әлихан Мурадов өз кінәсін мойындап отыр.

Тергеу материалдары бойынша, 30 жастағы сотталушы банк бөлімшесіне басып кірер алдында есірткі емес, суицид жасау мақсатында дәрі ішіпті. Бірақ препараттың әсері болмай, ол банк ғимаратына шабуыл жасауды ұйғарған.

Прокуратураның хабарлауынша, Жамбыл облысының тумасы мұқтаж адамдарға ақша талап еткісі келген, содан кейін оны құрықтау кезінде полицейлер атып тастайды деп үміттеніпті. Елді дүрліктірген азамат сот алдында кешірім сұрап, ешкімге зиянын тигізгісі келмегенін жеткізді. Егер Әлихан Мұрадовтың кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылдан 12 жылға дейін түрмеге тоғытылады.

Раушан Ақшораева, Астана прокуратурасының аға прокуроры:

- Әлихан Мурадов қолда бар құралдардан жарылғыш құрылғының муляжын жасады. Сыйлық дүкенінен жеңіл тапанша сатып алған. Сол арқылы банк бөлімшесіне шабуыл жасап, банк қызметкерлерін кепілге алды. Осылайша Әлихан Мурадов ҚР ҚК 261-бабы, 4-тармағының 2-бөлігінде көзделген әрекетке барды (кепілге алу)"

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде