Ғани Бейсембаев: Оқушылар мектепке біркелкі формамен келуге міндетті
Оқушы қыздардың мектепте хиджаб кию-кимеюі әлеуметтік желіде әлі қызу талқылануда. Тақырыпқа тұздық болған —Желтоқсан оқиғасының батыры Қайрат Рысқұлбектің туған ағасы, бүгінде «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбектің жазбасы.
Автор: Айжан Шамшидин
29.08.2023
Ол: «1 қыркүйекте қызымды орамалмен мектепке апарамын. Олай болмаған жағдайда Шешенстанға кетуден тайынбаймын» деген. Алайда шетел асып кетемін деп қыр көрсеткен, қоғам белсендісі ертеңіне көшпейтінін жазыпты. Бұған себеп: Рысқұлбековтің қызын Алматыдағы жекеменшік мектеп қандай киіммен болса да қабылдайтын болыпты-мыс. Бұл ақпардың шындыққа жанаспайтынын Үкімет кулуарында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев растады. Бас ұстаздың сөзінше, еліміздегі мектептер мен балабақшалардың барлығы бір заңға, яғни Ата заңымызға бағынады. Оған сәйкес, оқушылар біркелкі формамен мектеп табалдырығын аттауы шарт. Ал діни араздық туғызған азамат пен жекеменшік мектептер жіті тексерістен өткізіледі.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Бізде барлығы заң бойынша регламенттелген. Сондықтан ол жекеменшік бола ма, мемлекеттік бола ма, барлығы заң шеңберінде орындалуы тиіс. Жалпы мониторинг деген бар. Әрбір өңірде сапаны қамтамасыз ететін департаменттер бар. Олар сол жердегі сапаның қамтамасыз етуін қадағалап отырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!