{metadescription}
Жолдау: Биыл 303 мыңнан астам жас маман жұмысқа орналасты
Жолдау: Биыл 303 мыңнан астам жас маман жұмысқа орналасты

Жолдау: Биыл 303 мыңнан астам жас маман жұмысқа орналасты

Жыл басынан бері 303 мыңнан астам жас маман жұмысқа орналасты. Үкімет Президент Жолдауын іске асыру аясында жастарды жұмыспен қамту бойынша кешенді шаралар атқарылып жатқанын жеткізді.

Мәселен, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 18 мың 700 түлегі игерген мамандығы бойынша жастар тәжірибе жинақтауға жіберілді. 6 мың 600 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасып, одан әрі қарай тұрақты жұмысқа шықты.

Биыл жастар арасынан 35 мың 500 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұдан өзге елімізде бес жылға дейінгі мерзімге мөлшерлемесі 2 жарым пайыздан аспайтын шағын несие беру арқылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетілмек. 2023-2025 жылдары 90 млрд теңгеге 18 мың 200 шағын несие беру қарастырылған. Жыл басынан бері 12,9 млрд теңгеге 2 мың 915 шағын несие берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде