Шымкентте құрылыс материалдарын сататын ең үлкен базар өртенді
Шымкентте құрылыс материалдарын сататын ең үлкен базар отқа оранды. Өрт «Көне қалашық» деп аталатын сауда нысанының түсқағаз бен ағаш бұйымдары тұрған қоймасынан тұтанған. Саудагерлер «шаш етектен шығынға баттық» деп шырылдауда.
Автор: Бек Әбиев
29.08.2023
Елбек Қайратбеков, сатушы:
- Ішінде көп зат бар, мәрмәр, линолеум, ламинаттар. Бояулар, құрылысқа керек заттар. 100 миллионнан шығады, көп шығын шығады. Бір мәрмәрдің өзі 16 мың теңге тұрады. Ішіндеқазір 200-300 мәрсәр, ламинаттар бар, бір қорабы бес мыңнан. Ол жақта қазір 300-400 ламинат бар. Линолеумнің төрт-бестей орамы жатыр.
Өрт сөндірушілер жетем дегенше, сатушылардың өзі өртті өшіріп көрген. Бірақ лезде тараған от дес бермепті. Жанталасқан жұрт жалыннан аман қалған тауарларын тасып әлек. Бір сағаттың ішінде қойманың 150 шаршы метр аумағы күлге айналды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 64 адам мен 16 техника жұмылдырылды. Қазір құрылыс базарындағы сауда толық тоқтады. Мамандар өрттің шығу себебі мен шығын көлемін есептеп жатыр.
Әзиз Саиыпов, Шымкент ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі бастығының міндетін атқарушы:
- Енді болжам әртүрлі болуы мүмкін. Қысқа тұйықталу боп қалуы мүмкін, болмаса адамның абайсызда өртпен ойнауы болуы мүмкін. Оны енді анықтайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!