{metadescription}
Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады
Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады

Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады

Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті құжатты талқылауға шығарды.

Бұйрыққа сәйкес, рөлі оң жақтағы көліктерді елге кіргізуге 6 айға шектеу қойылады делінген. Әзірге бұл заң жобасы 13 қыркүйекке дейін талқыланбақ. Қабылданған жағдайда, оның орындалуын Мемлекеттік кірістер комитеті мен Шекара қызметі бірлесіп бақылайтын болады.

Осыған дейін Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген рөлі оң жақтағы шетелдік машиналарды тіркеуге қоюға рұқсат берген еді. Бір реттік шара шілде айының 1-інде аяқталды. Мұндай санаттағы көліктермен біздің елде жүру ыңғайсыздық туындатады деген министрлік, оларға 2007 жылдары шектеу қойған. Статистика бойынша, рөлі оң жақтағы көліктер жол апатына жиі ұшырайтын көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.