{metadescription}
Алматы зообағы аңдарға қажет су жәндіктерін өзі өсіреді
Алматы зообағы аңдарға қажет су жәндіктерін өзі өсіреді

Алматы зообағы аңдарға қажет су жәндіктерін өзі өсіреді

Алматы хайуанаттар бағында аңдарды қоректендіру үшін балық өнімдеріне ғана 18 млн теңге кетеді екен. Қаражат үнемдеу үшін зообақ биылдан бастап аңдардың азығына қажет су жәндіктерін өзінде өсірмек.

Сондай-ақ көкөніс сақтайтын қойма құрылысын бастапты. Мұның барлығы қазынадан бөлінетін қаржыны тек тамаққа ғана жұмсамай, орталықтың дамуына жаратсақ деген ниеттері бар.

Мәселен, хайуанаттарға берілетін көкөніске жыл сайын 25 миллион жұмсалады екен. Оған картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат кіреді. Қосалқы шаруашылық егістіктерінен және күзде арзандатылған бағамен сатып алынған жемістерді сақтау үшінқойма салынып жатыр. «Бұл да хайуанаттар бағының мал азығына кететін қаражатты үнемдейді», - дейді зообақ басшылығы. Ал арнайы 4 көлшіктің құрылысы былтыр аяқталды.

Биыл мамыр айында үш мың бас майшабақ жіберілген. Орталықтағы хайуанаттардың жалпы саны 3 жарым мыңға жуық. Биыл осындағы тіршілік иелерінің 35 түрі төлдеп, зообақ 100-ге жуық баспен толығыпты. «Санға емес, сапаға жұмыс істейміз» деген хайуанаттар бағына жауаптылар экзотикалық жануарларды көбейтуді мақсат тұтуда.

Сейілхан Ақылбеков, Алматы хайуанаттар бағының директоры:

- Қытай мемлекетінің Гуанджоу қаласындағы зообақпен келіссөз жүргізіп жатырмыз, қызыл панда алуға. Егер бәрі дұрыс болатын болса, келесі жылдың екінші тоқсанында қызыл панда алып келеміз. Биыл Ресейден тегін ақ аю алдық. Үш зебра, екі Амур жолбарысын, шимпанзе алдық. Келесі жылға жоспар бар. Бізде қазір 3 362 түрі бар. 30 жылға дейін 500 түріне, 5000 басқа жеткіземіз деген жоспар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде