{metadescription}
Оралда көпқабатты үй өртеніп, екі адам көз жұмды
Оралда көпқабатты үй өртеніп, екі адам көз жұмды

Оралда көпқабатты үй өртеніп, екі адам көз жұмды

Оралда көпқабатты үй өртеніп, екі адам көз жұмды. Өрт сағат төрт шамасында,тұрғындар шырт ұйқыда жатқан кезде тұтанған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілерге көпқабатты үйдегі тұрғындарды оятуға тура келіпті. Жоғарғы қабаттағы 18 адам құтқарылған. Тағы 27 тұрғын далаға шығарылды. Сегізінші қабаттағы өрт шыққан қосалқы бөлмедегі заттар түгел жанып кеткен.

Тұрғындар бұрын жатақхана болған бұл нысанның қосалқы бөлмесінде ішімдікке әуес адамдар жиі жиналатынын айтады. Апат болған түні ол жерді кімнің паналағанын тергеушілер анықтап жатыр. Себебі солардың кесірінен 50 жастағы ер көз жұмды. 44 жастағы тағы бір әйел жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Екеуі де ыстан уланған.

Асхат Қадыров, БҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Таңғы сағат 4:19-да Орал қаласы Есенжанов көшесі №1 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама кетіп түсті. Оқиға орнында БҚО ТЖД 20 техникасы мен 68 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт сағат таңғы 5:09-да оқшауланып, 5:34-де сөндірілді.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде