Ақтолағайға мұнай компаниясы сұғын қадады
Ақтөбе облысындағы Ақтолағайда кен өндірілуі мүмкін. Оған мұнай компаниясы көз салып отыр. «Үстіртте барлау жүргізіледі» дегелі, қоғам белсенділерінің мазасы кеткен.
Автор: Жаңалық Ахаш
31.08.2023
Өйткені соның кесірінен табиғи орыннан мүлдем көз жазып қаламыз деп қорқады. Байғанин ауданында орналасқан Ақтолағайға туристер көп келеді. Бұрын теңіз орны болған жерде қазір борлы тау бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл жер қорғалатын аумаққа жатады. Мұнай өндірумен айналысатын компания ауыл тұрғындарымен қоғамдық тыңдау өткізіп, халықтың келісімін алыпты. Алайда экология департаменті тау-тасты қопаруға тек тұрғындардың рұқсаты жеткіліксіз деп отыр.
Әмірхан Тарғынов, Ақтөбе облысы экология департаментінің бөлім басшысы:
- West Precaspian Company мұнайды барлау жұмыстарында. Қазіргі таңда Ақтолағай шекарасы толық анықталып, соған бүкіл жобаны беруге ұсыныс жасаймыз. Егер олар қосымша құжатты бермесе, біздер оларға жұмыс жасауға тыйым саламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!