{metadescription}
Үш жасар баланың саусақтарын ет тартқыш шайнап тастаған
Үш жасар баланың саусақтарын ет тартқыш шайнап тастаған

Үш жасар баланың саусақтарын ет тартқыш шайнап тастаған

Шымкентте үш жасар баланың қолын ет тартқыш турап тастады. Тоқпен істейтін құрылғы баланың саусақтарын зақымдаған. Ауыр отадан шыққан кішкентай науқас қазір ауруханада жатыр

Барно Артықметова, әжесі:

- Үстелге шығып алып, ет тартқышқа қолын тыққан. Тоққа тығып, үш бармағын айналдырып алып кеткен.

Бармақтарын шайнап тастаған ет тартқышты өшіргенмен, жан дауысы шығып шыңғырған баланың қолын ала алмаған. Сондықтан дереу құтқарушыларды шақырыпты. Дәрігерлер балақайды дәрі беріп ұйықтатып, мамандар ет тартқышты арнайы кескішпен кесіп, қолын шығарған.

«Сол қолындағы саусақтарын аман алып қалу мүмкін болмады, кесіп тастауға тура келді», - дейді дәрігерлер.

Қатты қорқып қалған балақай әлі бір аптадай емделуі керек.

Ержан Байдуллаев, Шымкент клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бас бармағы, сұқ саусағы сақталған. Қалған 3ші, 4-ші, 5-ші саусақтары толық ампутацияланды. Ет тартқыштың ішінде бармақтары шайналып, езіліп кеткен. Ол саусақтарын сақтау мүмкін емес, жарамсыз боп қалған. Ота жасалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде