{metadescription}
Тұрар Рысқұлов ауданында жас боксшылар чемпионатқа далада дайындалып жүр
Тұрар Рысқұлов ауданында жас боксшылар чемпионатқа далада дайындалып жүр

Тұрар Рысқұлов ауданында жас боксшылар чемпионатқа далада дайындалып жүр

«Спортшы емес, ауру балалар көбейетін болды». Жамбыл облысынының Тұрар Рысқұлов ауданындағы 50-ден астам жас боксшысы жаттығуды жасыл алаңда жасап жүр. Спортзалға жарымаған жасөспірімдер осылайша алдағы чемпионатқа дайындықтарын далада пысықтамақ.

Ата-аналардың айтуынша, ауыл әкімі балаларды мектепте спортпен шынығып жүрген жерінен шығарып жіберген. Өйткені білім ошағының ішінде ринг құрып, бокстасу заңға қайшы екен. КТК тілшісі далада қалған балалардың бір күндік жаттығуын көзімен көріп қайтты.

Бокстан әлем чемпионы болуды армандайтын Нариман секілді бір ауылдың 58 баласы жаттығуды далада жасап жүр. Көктем келгелі дайындығын рингте пысықтаудың орнына, қақпаға қап іліп, жасыл алаңда жоқтан бар жасауға мәжбүр.

Нариман Көпен:

- Біз басқа ауылдарға, қалаларға барамыз. Ол жақтың жағдайы бар. Біз жақта жоқ. Біз де олар сияқты штанга көтеріп, жаттыққымыз келеді. Жаттығудан соң жуынғымыз келеді. Басқа балалардың көзінше, осы далада жаттығатынымызды айтуға ұяламыз. Оны айтқымыз келмейді.

Жалпақсаздық жас спортшылардың жеткен жетістігі аз емес. Облыс пен халықаралық жарыстарды бағындырғандар бар. Жаттықтырушы: «осының өзі аптап ыстықта жиі үзілген жаттығудың нәтижесі» дейді. Ал алдағы айларда мүлде болмауы мүмкін. Өйткені күздің қара суығы спортшыларын сұлатып түсіре ме деп қорқады.

Бақытбек Арыстанбекұлы, жаттықтырушы:

- Көріп отырсыздар, даладамыз. Мына мөшегіміз бар. Далаға іліп қойдық. Толық ештеңе жоқ. Гантель жоқ. Қазір жауын жауса, не істейміз?!

Ал ата-аналар аймақтың мақтанышына айналған балалардың далада қалғанына ауыл әкімін кінәлайды. Бір жарым жыл мектепте өткен үйірмені аяқасты заңсыз деп тоқтатыпты.

Қасым Ермекбаев,  Жалпақсаз аулының тұрғыны:

- Барғанда, «мен ештеңе шеше алмаймын,қолдарыңыздан келетін дүние болса, өздеріңіз бір күрке соғып алыңыздар» дейді. Мына жастардың болашағына қарай алға ұмтылу деген жоқ. «Өздерің күрке соғып, палаткада дайындалсын» деген әңгімесі бар. Аудан бойынша тек қана біздің ауылда осылай жаттығады.

Батырғали Қазақбайұлы, Жалпақсаз аулының тұрғыны:

- Балалардың болашағына алаңдамаса, әкімшіліктің не керегі? Спорт бөілімінің не қажеті бар? Жұмыс ітеп жүрген ешкімді көрмейміз. Бұлай жалғаса берсе, спортшы балалар емес, ауру балалар пайда болады.

Ауылдағылардың ашуына қалған атқамінермен байланысу мүмкін болмады. Әкім еңбек демалысында екен. Ал қызметіне уақытша жайғасқан шенеунік: «үйірмеге рұқсат беру үшін білім басқармасының батасын күтіп отырмыз» дейді.

Исатай Омаров, Қарақыстақ ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы:

- Бокс үйірмесі болғаннан кейін, ол жерде ринг құру керек. Соған сәйкес біз арнайы рұқсат күтіп отырмыз. Сол мектептің спортзалына алдағы уақытта 0,5 штаттық мөлшерде бокс үйірмесін арнайы рұқсатын алғаннан кейін жоспарлап отырмыз.

Бүгінде Қарақыстақ ауыл округіне қарасты төрт ауылдың бірде-бірінде спорт кешені жоқ. Соғылатын күннің де ауылы алыс. Аудан әкімдігі тек үш жылдан соң ғана бой көтеретінін айтты. Ал оған дейін балалар спортпен тек мемлекеттік мекемелелерде айналысуға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде