Әр азамат несие немесе қарыз алуға шектеу қоя алатын болды
Бүгіннен бастап әр қазақстандық өз еркімен несие, не болмаса микрокрдеит ұйымынан қарыз алуға шектеу қоя алады. Ол үшін eGov.kz порталында кредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш беруі керек.
Автор: Айжан Шамшидин
31.08.2023
Ешбір алаяқ бұдан кейін сіздің атыңызға банктен кредит рәсімдей алмайды. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл қызмет түрі ең әуелі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске қосылған. Қарыз алудан ерікті түрде бас тарту сервисі eGov.kz mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Айта кетейік, дәл осындай қызмет түрі бұған дейін Бірінші кредиттік бюроның сайтында, тек ақылы негізде қолжетімді еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!