{metadescription}
МӘМС аясында жекеменшік емханада емделу шектелетін болды
МӘМС аясында жекеменшік емханада емделу шектелетін болды

МӘМС аясында жекеменшік емханада емделу шектелетін болды

Елімізде шамамен 450 медициналық ұйым жабылу алдында тұр.  Сәйкесінше, бір миллионға жуық қазақстандық қолжетімді амбулаторлық-емханалық көмек ала алмай қалуы мүмкін. Яғни енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жекеменшік емханаларда дәрігерге көріне алмайсыз.

«Алғашқы көмек көрсету саласы толық тоқырауға ұшырауы мүмкін» деп дабыл қаққан медициналық ұйым басшылары Астанаға жиналды. Олар барлығына денсаулық сақтау министрінің №194 бұйрығы себеп болғанын айтады.

Биылғы 7 маусымдағы құжатқа сәйкес, бұдан былай, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген халық саны 10 мыңнан кем болмауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, МӘМС қоры емхананы қаржыландырмайды. Соның салдарынан жекеменшік орталықтар банкротқа ұшырап,  6 мыңға жуық дәрігер жұмыссыз қалады деген қауіп бар. Бұл әсіресе бұл шағын қалалар мен елдімекендердегі емдеу мекемелері иелерін алаңдатып отыр. Медицина саласындағы кәсіпкерлер осынау өзекті мәселені жауапты министрлік пен салалық сарапшыларға қанша айтып үндеу жолдағанымен, проблеманың шешілер түрі жоқ дейді.

Ерқабыл Жақсылықов, Түркістан облысы медициналық орталық директоры:

Кәсіпкерлер бұл салаға енді кіргісі келмейді. Егер ол 10 мың халыққа жете алмай қалатын болса, оның тәуекелін, оның әкелген шығынын кім өтейді? Бұл норманы, яғни 10 мыңға дегенді алып тастау қажет деп ойлаймыз. Өйткені тиімсіз. Біз медициналық ұйымдармен, басқарма, министрлікпен ақылдасып, осы мәселені шешуіміз қажет деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде