{metadescription}
Ауыс-түйіс: Екі облыстың әкімі министрлер кабинетіне кірді
Ауыс-түйіс: Екі облыстың әкімі министрлер кабинетіне кірді

Ауыс-түйіс: Екі облыстың әкімі министрлер кабинетіне кірді

Үкіметтегі ауыс-түйіс жалғасуда. Бүгін екі бірдей облыстың әкімі Министрлер кабинетіне кірді. Оның бірі – Солтүстік Қазақстан болысының әкімі Айдарбек Сапаров. Бүгіннен бастап ол ауыл шаруашылығы министрі. Ал осыған дейін бұл қызметті атқарған Ербол Қарашөкеев мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылды.

Бұл сала Сапаровқа таңсық емес. 2019-2022 жыл аралығында ол ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болған. Ал Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымында небәрі тоғыз ай отырды.

Жаңа құрылған су ресурстары және ирригация министрлігінің басшылығына Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов тағайындалды. Еңбек жолын механик болып бастаған экс-әкім Жамбыл облысында бірқатар департаментте басшылық қызметте болған. Жаңа құрылған тағы бір ведомство – өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, оған басшылыққа Қанат Шарлапаев тағайындалды. Жаңа министр былтыр ақпаннан бастап бүгінге дейін «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқарған.

Кезінде облысты басқарған тағы бір шенеунік – Қанат Бозымбаев бүгін жаңа қызметке келді. Ол енді президенттің кеңесшісі. Бозымбаев әр жылдары энергетика министрі, Павлодар, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімі қызметін атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде