{metadescription}
Тимур Сүлейменов: Бірнеше аптадан кейін сіздерді шақырып сұхбат беремін.
Тимур Сүлейменов: Бірнеше аптадан кейін сіздерді шақырып сұхбат беремін.

Тимур Сүлейменов: Бірнеше аптадан кейін сіздерді шақырып сұхбат беремін.

Ұлттық банк төрағасы да ауысты. Былтыр ақпанда ғана бас банктің креслосына жайғасқан Ғалымжан Пірматов қызметінен босатылып, оның орнына Тимур Сүлейменов тағайындалды. Президент ұсынған кандидатураны Сенат депуттаттары бірауыздан мақұлдады. Ал жаңа бас банкир аталмыш саланың проблемалары бойынша сұрақтарға келесі жолы жауап беремін деп отыр.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Инфляция ең қауіпті процесс. Сондықтан онымен күресу емес, төмендету керек. Егер талаптар болса, онда мөлшерлеме жағдайы да болады. Сондықтан бірнеше аптадан кейін сіздерді шақырып сұхбат беремін.

Жалпы тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл Ұлттық банкке тағайындалған 12-ші төраға. Бұған дейін Тимур Сүлейменов Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған. Сарапшылар бас банкир инфляцияны төмендетуге батыл әрі нақты қадамдар жасауы керек деп санайды. Президент биылғы жолдауында айтқан шетелден үш жаңа банктің тартылуы да нарықтағы «қалғып кеткен» отандық банктерді оятуға сеп болмақ. Экономиканы қаржыландыру мөлшері артып, бәсеке күшейе түсуі ықтимал. Ел нарығына шетелдік қаржы ұйымдары кіре салысымен базалық мөлшерлемеге қарары сөзсіз. Берілетін несиелерінің пайыздық үстемесі соған сай болады. Сондықтан экономистер бірауыздан Ұлттық банктің ұсынып отырған базалық мөлшерлемесі бұл ретте өте маңызды деп отыр.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай сервис компаниялары одағының төрағасы:

- Ішкі экономиканы табыс көзіне айналдырмай, отандық өнімді көбейтпей, сырттан сатып ала беретін болсақ біз әрқашан да инфляцияның құны боламыз. Себебі доллар өсіп жатыр. Ол тоқтамайды. Біз логистикалық мүмкіндігімізді пайдалануымыз керек. Өйткені дүниежүзілік логистиканың тасымалдау амалдары қатты өзгеріп жатыр. Себебі Ресей Еуропа арқылы жүрмейді. Еуропа Ресей арқылы жүрмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде