{metadescription}
Түркияда екі жасар қызымен бірге қазақстандық журналист көз жұмды
Түркияда екі жасар қызымен бірге қазақстандық журналист көз жұмды

Түркияда екі жасар қызымен бірге қазақстандық журналист көз жұмды

Түркияда жол апатынан қазақстандық журналист екі жасар қызымен бірге қаза болды. Күйеуі жансақтау бөлімінде жатса, зардап шеккен 9 жасар ұлы да қазір ауруханада. Қайғылы оқиға Газипаша-Анталья тас жолында болған.

Жергілікті тұрғын тізгіндеген Джип туристер мінген көлікті соғып, қарсы бетке шығарып жіберген. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл машинадағы адамдар көліктен ұшып кеткен. «Өйткені қауіпсіздік белдігін тақпаған» делінген Түркияның «ТРТ Хабер» басылымында. Апаттан үш адам қаза тапты: 34 жастағы атыраулық журналист Арайлым Бақытжанқызы мен оның екі жасар қызы және 61 жастағы ресейлік әйел. Тағы 17 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.

Жол апатынан қаза болған қазақстандық әйел жергілікті басылымдағы жұмысымен қоса, Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының негізін қалады. Жас отбасы ұл-қызымен 31 тамызда Түркияға саяхаттап барған. Бүгін елге оралуы керек болған. Қазір сыртқы істер минситрлігі мен Атырау облысы әкімдігі марқұмдардың сүйегін елге әкелуді ұйымдасытып жатыр.

Жасұлан Бисембиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

- Әкімдік елшілікпен байланыс орнатып, Арайлым Бақытжанқызының сүйегін Қазақстанға елге әкелумен айналысуда. Бұған елшіліктің өкілдері, Антальядағы Қазақстанның консулдығы ат салысып жатыр. Қазір тиісті құжаттар рәсімделген соң жуық арада сүйекті Қазақстанға әкелу ұйымдастырлады. Ауруханада жатқан жолдасы мен тағы кішкентай баласының жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде