{metadescription}
Таиландта қазақстандықтың денесі екі күн суда жатып қалған
Таиландта қазақстандықтың денесі екі күн суда жатып қалған

Таиландта қазақстандықтың денесі екі күн суда жатып қалған

Таиландтан қазақстандықтың денесі табылды. Марқұмның ата-анасы дереу Пхукетке жетіп, суда екі күн жатып қалған мәйітті анықтау қиынға соқса да, баласын бірден таныған.

Азамат 15 жасынан бері жеке-дара ел аралап саяхаттаумен әуестеніп әрі блогерлікпен айналысқан. Соңғы айларда Таиландта жұмыс істепті. 18 жастағы өрімдей жас жігіт IT маманы ретінде қызмет еткен.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Бұл азамат бірнеше ай Таиланд аумағында жүрген. Өзі ютубта белсенді. Еш болжам жоқ. Екі күн іздестіру жұмысын жүргіздік. Үлкен толқын болған. Мүмкін толқынға түсіп кеткен шығар. Таиландтың жағалауында суға түсу өте қауіпті. Әкешешесіне барлық көмек көрсетіледі. Анасы да, әкесі де сол жерде. Жақын арада денесі Қазақстанға жеткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде