{metadescription}
Жарқайыңда күйдіргі жұқтырған науқас саны 14-ке жетті
Жарқайыңда күйдіргі жұқтырған науқас саны 14-ке жетті

Жарқайыңда күйдіргі жұқтырған науқас саны 14-ке жетті

Ақмола облысының Жарқайың ауданында күйдіргі жұқтырған науқастардың саны 14-ке жетті. Барлығы Есіл ауданы ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр.

Ал карантинге жабылған Үшқарасу ауылында «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі жұмыс істеп жатыр. Елді мекендегі қора-қопсы, мал жайылған жерлерге дейін залалсыздандырылып, төрт түлік мал мен шошқаға дейін күйдіргіге қарсы шетінен егіп жатыр.

Үшқарасу ауылында сойылған ауру мал еті 50 шақырым жердегі Есіл қаласына да жеткен. Серіктестік жұмысшысы жалақы есебінен алған үлесін отбасына беріп жіберген. Тамаққа туралған шикі еттің тұзын көрген әйелі де күйдіргі бар деген күдікпен қазір жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Ондағы науқастардың аяқ-қолын жара басып, күп болып ісіп кеткен. 52 жастағы азаматтың халі ауыр.

Мұхтар Томтаев, Атбасар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Инфекциялық бөлімшесінде 14 науқас жатыр. Оның ішінде орта буынмен ауырып жатқандар 13 Бір адам ауыр халде. 10 адамның анализі оң, қалған төртеуінікі күтілуде. Ауыр халдегі науқасқа препарат қосып күніне екі рет енгізіп жатыр.

Ауруханада негізінен Серіктестік жұмысшылары жатыр. Бақташылар, жүргізушілері және олармен қарым-қатынаста болғандар. Ал 30-ге тарта тұрғыны бар Үшқарасу ауылы толық карантинде.

Карантин жарияланған Үшқарасу ауылына үш шақырым жерден жақындай алмайсың. Арнайы бекет қойылып, полиция мен дезинфекция жасағы күзетіп тұр. Әрі-бері өтуге тыйым салынған.

Дәрігерлер, мал дәрігерлері бұл жерден жұмысқа аса қажеттілік үшін ғана көлікпен өте алады. Оның өзінде эпизоотияға қарсы жасақ дезинфекция жасап, әбден залалсыздандырып барып сыртқа шығарады.

Азық-түлік жеткізу де дәл солай қатты қадағалауда. Мал дәрігерлерінің айтуынша, Серіктестікте өлген қара малдың біреуінен ғана күйдіргі анықталған.

Талғат Жүнісов, Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы:

- Ауырып өлгені бар, одан кейін пышаққа іліккені бар, 30 бас, баржоғы, соның төртеуі қоғамдық тамақтану мекемелеріне өткен. Бір жарым бастың етін, 536 келі, қайтарып алдық. Соның ішінде ауру мал өтіп кеткен. Біздің зерттеулер сарапталғаннан кейін, сосын барып қана айта аламыз. Негізі, мал дәрігерлері бұл малдардың барлығын еккен.

Әзірге бұл маңда бұрын-соңды болмаған аса қауіпті дерт – күйдіргінің қайдан келгені белгісіз. Ауылда Астанадан республикалық эпизоотияға қарсы отряд келіп жұмыс істеп жатыр. Егумен қатар, қора-қопсы, ауыл маңы залалсыздарылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.