{metadescription}
Қызметкерлерінің кесірінен Павлодар әкімі лауазымынан босатылды
Қызметкерлерінің кесірінен Павлодар әкімі лауазымынан босатылды

Қызметкерлерінің кесірінен Павлодар әкімі лауазымынан босатылды

Жемқорлыққа жақын қызметкерлерінің кесірінен Павлодар әкімі лауазымынан босатылды. Экс-шенеунік Ержан Иманзаиповтың орынбасары биыл жазда пара алды деген күдікке ілінген. Жақында ғана арам ақшаға қолын былғағаны үшін көмекшісі де ұсталып, қазір тергеліп жатыр.

Бұрынғы әкімге қатысты мәселе мұнымен бітпейді. Қол астындағыларының жемқорлықпен ұсталуынан бөлек, тұрғындардан қаланың жай-күйіне байланысты шағым көбейген. Оның ішінде шаһарды абаттандыру бар. Мәселен, бүгінде үш шағын аудандағы кәріз жүйесінің құрылысын аяқтау мерзімінен кешігіп жатыр. Жергілікті шенділердің жұмысынан әбден ығыры шыққан бұқара әкімдікке арыз-шағымды қарша боратқан. Осылайша Ержан Иманзаиповты облыс басшысы әкім қызметінен босатты.

Салтанат Әкімбекова, Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Бұл шешім оның қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны, жобалардың іске асырылуына қажет бақылау жасамағаны, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыруын жасамағаны, қала әкімдігінің Павлодар халқымен байланысын әлсіреткені үшін, облыс әкімімен қабылданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.