{metadescription}
Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты тексеріс басталды
Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты тексеріс басталды

Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты тексеріс басталды

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың желіде суреті тарауына байланысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде экс-генералдың түрмеде аста-төк дастархан басында отырған фотосы тарады. Комитеттің мәліметінше, Күдебаев пен жанындағылар жайғасқан дастархан үстінде тәртіпке қайшы келетін азық-түлік өнімі болмаған.

Салтанат Ожықанова, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ресми өкілі:

- Азықтүлікті сәлемдеме түрінде немесе жақын туыстарымен кездескен кезде алуға құқылы.Тексеріс барысында тыйым салынған өнімдер, алкоголь ішімдігі анықталған жоқ. Ссотталғандардың ұялы телефонды пайдалануы, сондай-ақ, бейнебақылау камерасы объективінің жабылу фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Келіп түскен әрбір ақпарат мұқият тексеріледі және бұзушылық расталған жағдайда біз қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданамыз.

Қызу талқыға түскен фото Серік Күдебаев жазасын өтеп жатқан Өскемендегі түрмеде түсірілген. Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталды. Биыл 28 сәуірде он бас бостандығынан айырылды. Оған лауазым өкілетін асыра пайдаланды және азаптау баптарымен айып тағылды.

Экс-генералдың наурыз айында елден қашып кеткені белгілі болды. 27 сәуірде Күдебаев Түркияда ұсталып елге жеткізілген. Араға бір күн салып сот үкімі шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.