Нөсерден кейін Петропавлды ретке келтіру ұзаққа созылады
Петропавлда нөсерден кейін астаң-кестеңі шыққан қаланы ретке келтіру жұмыстары қыркүйектің соңына дейін созылуы мүмкін. Шамадан тыс жауған жаңбырдан электр желілері зақымдалып, жарықсыз қалған үйлерді тоқ көзіне қосу міндеті тұр.
Автор: Айман Нұрмағанбет
04.09.2023
Людмила Божко:
- Нөсер бәрімізді әбігерге салды. Жарықсыз отырмыз. Түгел подъездегі электр желісі күйген сияқты. Дер кезінде көмек көрсеткенде мұндай мәселе туындамас еді деп ойлаймын. Төтеншеліктерді шақырдық, келмеді.
Санаулы минутта қалаға жаңбыр айлық нормадан да артық жаңбыр жауған. Бау-бақша, балалар ойнайтын ойын алаңдары мен тіпті подъездерді су басқан. Көпқабатты тұрғын үйлер жауыннан кейін жарықсыз қалған. Жаңа салынған «Жас Өркен» шағын ауданы су астында қалды. Ауладағы кәріз құбыры суға толып, тіпті су сорғысы мен коммуналдық сала қызметкерлері жаңбыр суын игере алмай қалды.
Серік Мұхамедиев, Петропавл әкімі:
- Жол жөндеуге байланысты ескі суағарларды алып, жаңасын салып жатырмыз. 80 пайыз жұмыс аяқталды. Бірақ ол орталықтандырылған инженерлік желілерге қосылмаған. Горький көшесіндегі суағар автономды режимде тұрған болатын. Сондықтан су құбырдан сыртқа шықты. Аталған жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!