{metadescription}
Атырауда жалғыз оқушы оқитын мектеп жабылды
Атырауда жалғыз оқушы оқитын мектеп жабылды

Атырауда жалғыз оқушы оқитын мектеп жабылды

Атырауда жалғыз оқушы баратын мектеп жаңа оқу жылы басталғанда ақыры жабылды. Білім басқармасы бір оқушы үшін бір мектепті 15 адамнан тұратын ұжымымен қоса ұстап тұру — тиімсіз деп шешкен.

Атырау облысы Мақат ауданы Кенбай ауылындағы білім ошағына биыл

бір-ақ оқушы сабаққа баруы керек еді. Ауыл түрғындары да алдағы жылы мектепке барар 10 шақты бала өсіп келе жатқанын айтып, білім ошағын жаппауды өтінген еді. Алайда жергілікті атқарушы билік білім беру мекемесін жалғыз шәкірт үшін қаржыландыру қисынсыз деп отыр. Сөйтіп біржола жауып, үшінші сынып оқушысын көршілес ауылдағы мектепке орналастырған. Ал білім басқармасындағылар жұмыссыз қалған мектеп ұжымына өтемақы төлеп, басқа жерге орналастыру мәселесін қарастылып жатыр.

Айнагүл Жұмағазиева, Атырау облысы білім басқармасының бөлім басшысы:

- Кенбай ауылындағы Жанұзақов мектебі облыс әкімінің қаулысымен жабылды. Қазір мектептің мұғалімдері мен жай қызметкерлеріне өтемақы төлеу жүргізілуде. Өтемақысын алғаннан кейін басқа жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылады. Мектептегі жалғыз оқушы Жамансор ауылындағы мектепке орналасты. Мектеп ғимараты жергілікті әкімдіктің балансына беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде