Сарапшылар: Жолдау толық жүзеге асырылса, жұмыссыздар азаяды
Президент жолдауының 90 пайызында экономиканың дамуына ден қойылған. Мемлекет басшысы міндеттеген шаралар уақтылы жүзеге асырылса, бес жылда елдегі жұмыссыздар саны азаяды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында сарапшылар бүгін жолдауда айтылған Президент тапсырмаларының орындалу жолдарын талқылады.
Автор: Айғаным Достанбай
04.09.2023
Олжас Құдайбегенов, экономист:
Төрт мың км жолды модернизация жасайды. Сосын бүкіл инфраструктураны модернизация жасайды. Тек бұл екі шара кемінде 5060 млрд доллар инвестиция тартуы керек. Өңдеу өнеркәсіп ЖІӨ 1315 пайыз құрайды, бірақ бағдарлама дұрыс орындалса, оның көлемі 2025 пайызға дейін өсуі мүмкін. Қазір экономкиамызда 500 мың жұмыссыз адам бар. Оның саны 1 жарым млн-ға жетуі мүмкін. Бұл шаралардың бәрі енгізілсе, бес жылда жұмыссыздық жойылады.
Сарапшылардың айтуынша, жолдауда көрсетілген міндеттер, соның ішінде кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаны реттеу, инфрақұрылымды кеңейту мен жаңарту және салық саясаты сынды шаралар экономиканың дамуына серпін береді.
Мемлекет басшысы жолдауда бюджетті игеру саясатын жаңғырту мақсатында бірқатар ұсыныс тастады. Соның бірі - блоктық бюджет. Басқосуда аталған идеясының маңыздылығын экономистер түсіндіріп берді. Сарапшылардың пайымынша, блоқтық бюджет әлемнің дамыған елдерінде кеңінен таралған. Және бұл атқарушы биліктің жұмысын тиімді ете түсетініне сенімді. Оның игерілуін қаржы министрлігі бақыламайды. Осы жүйе қабылданса, әрбір министрлік келесі бес жыл мерзімге қандай лимит берілгенін біліп отырады. Және сол лимиттің мүмкіндігіне сүйене отырып жұмыс істейді. Мәселен, Сингапур 2000 жылдан бері осы блоктық бюджет жүйесін ұстанып келеді. Нәтижесі де тәуір, деп түйіндеді сарапшылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!