Ақтөбе тұрғыны зейнет жасындағы әке-шешесін пышақтап өлтірді
Ақтөбе тұрғыны зейнет жасындағы әке-шешесін пышақтап өлтірді. Ата-анасына жауыздық танытқан күдікті қазір қамауда.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.09.2023
64 жастағы ер адам мен оның 70 жастағы әйелінің өлі денесін пәтерінен қызы тауып алды. Мәйіттер бір күн бойы жатып қалған. Қызы қайта-қайта қоңырау шалып хабар ала алмаған соң, пәтерге келген. Қанға бөккен денелерін көріп, бірден полицияға хабарлаған. Күдікті де ұзаққа созылмай табылды. Ол марқұмдардың туған ұлы. Осы үйде ішімдік ішіп, әркез ойран салыпты. Кезекті ұрыс-керістің соңы осындай қанды қылмыспен аяқталып отыр.
Валентина Зверьева:
- Өзім кешқұрым білдім. Ұлы үнемі ішіп жүретін. Әке-шешесін өлтірген соң, қашып кетті-ау деймін. Марқұмдар керемет адамдар еді. Менің немеремнің кіндік шешесі болды. Естігелі, көзімнен жас құрғамады. Ұлы оңбады ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!