Кеңқияқ тұрғындары белгісіз газдан уланып жатыр
Ақтөбе облысында бір ауылдың тұрғындары белгісіз газдан уланып жатыр. Кеңқияқ елдімекенінде түні бойы жедел жәрдем шақырып, тынысы тарылғандар көбейген. Сегіз адам амбулаториялық ем алыпты.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.09.2023
Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Төрт адам бірден амбулаторлық бақылауға жіберілген болатын, үйіне. Төрт адам бізде динамикалық бақылауға, Кеңқияқ ауруханасына жатқызылған. Бүгінде гі жағдайлары тұрақты.
Темір ауданына қарасты бес ауылда кеше газ құбырына жөндеу жүргізілген. Көгілдір отынға иіс беретін одарант химиялық қоспасын жіберіп, жүйені тексерген. Бұдан соң Кеңқияқтың тұрғындарының бастары айналып, өткір иістен жаппай құса бастаған. Жағдайы ауырлағандарға жедел жәрдем шақырып әбігерге түседі.
Бұл маңда қара алтын мен газ шығаратын өндіріс орындары көп. Бірақ өңірдегі экология департамент өкілдері олардың ешбірінде апат болмады депті. Бар гәп ауыл ішіне тартылған газ құбырында дейді. Ал оны тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.
Тұрар Қожанов, Ақтөбе облысы экология департаментінің бөлім басшысы:
- Бұл үйге әкелген табиғи газдан. Содан адамдарға иіс тиіп жатыр. Бұл бір өнеркәсіппен, сол маңдағы ауыл маңдағы өнеркәсіппен қандай да бір болған оқиға емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!