{metadescription}
Жетісулық шаруалар: Қант зауыттарын мемлекет меншігіне қайтару керек
Жетісулық шаруалар: Қант зауыттарын мемлекет меншігіне қайтару керек

Жетісулық шаруалар: Қант зауыттарын мемлекет меншігіне қайтару керек

«Қант зауыттарын мемлекет меншігіне қайтару керек». Қызылшасын егетін жетісулық шаруалар осындай өтініш айтып отыр. Себебі Ақсу мен Көксу зауыты тонналап жинаған тәтті түбірді арзан бағада қабылдап, төккен теріміз текке кетеді дейді шаруа қожалығының иелері.

Асқар Шәріпов, Қазақстан фермерлер қауымдастығы филиалының төрағасы:

- Зауыттың сатып алған бағасы өте төмен, 15 мың теңгеден. Шаруа қожалығы 25 мың теңге үкімет тарапынан субсидия алады. Соның бәрін қосып келгенде, біздің шаруаларымыз 15 мың теңге, сатып алу бағасына наразы. Зауыт тым құрығанда 5 мың теңгеге көтеріп, 20 мың теңгеге жеткізсе, шаруа қожалықтарының ынталандыру мәселесі біршама артар еді.

Биыл 500-ге жуық жетісулық шаруа 8 мың гектардан астам алқапқа қызылша еккен. Ала жаздай еңбектеніп, өнімді өткізуге келгенде, шаруалар еңбегіміз еш кете ме деп алаңдайды. Себебі кәсіпорын мен мемлекет қант қызылшасының әр тоннасына төлейтін 40 мың теңге шығынымызды ақтамайды дейді. Оған қоса, су тапшы, жанармай бағасы қымбат, техника тозған. Сондықтан өнімді зауытқа жеткізу оңай емес деп отыр. Олар қант зауыттарын монополияға қарсы комитет тексерсін деген талап қойды. Айтуларынша, кәсіпорын құрылтайшылары қатал шарт қойып, шаруаларға айыппұл да салады екен.

Шаруа қожалықтарының иелері зауыттарды жаңартуға бөлінген қазына қаражаты діттеген жеріне жетпей ме деп күдіктенеді.

Көксу зауыты 2021 жылдан бері қамыстан да қант өндіре бастаған. Бірақ құмшекер шығаруға еліміздегі қамыс жарамайды. Сондықтан шикізат Бразилия мен Мексикадан тасымалданады. Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың шағымы негізсіз, оларға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетілетінін жеткізді. Ведомство өкілдері былтырғыдай дүрбелең болмайды, қант қоры жеткілікті екенін де мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде