Ақмола облысында спорт мектебінің жаттықтырушысы есірткімен ұсталды
Ақмола облысында балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы есірткімен ұсталды. Сыбайласы екеуінен 55 келі гашиш тәркіленді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
05.09.2023
37 жастағы жаттықтырушы балаларды шаңғы спортына баулыған. Астана тұрғыны, бірақ облысқа қарасты Аршалы ауданында тұрып жұмыс істепті. Оның көлігін полицейлер Астана-Қарағанды тасжолында тоқтатты. Жүк салғышын тексерген кезде қағаз қорапта полиэтиленге оралған төрт бума яғни, салмағы 40 келі гашиш табылған. Оның сыбайласының үйіндегі гараждан тағы 15 келі есірткі шықты. Шаңғы тебуді үйрететін жаттықтырушы мен сыбайласы нашаның көтерме саудасымен айналысқан деген күдікпен қамауға алынды.
Виталий Гудыменко, Ақмола облысы ПД басқармасының бастығы:
- 55 келі гашиш, бұл аса ірі көлем болып саналады. Олардан үлкен сомада ақша, банк карталары мен бірнеше шетелдік көліктер де тәркіленді. «Топ болып сөз байласу арқылы заңсыз аса ірі көлемде есірткі сақтау, сату, тасымалдау,сатып алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!