Түркияда жол апатына түскен тағы бір отандасымыз көз жұмды
Түркияда жол апатына түсіп, ауыр халде жатқан тағы бір отандасымыз көз жұмды. Нұрболат Құрмашов екі күн бұрын отбасымен жол апатына ұшыраған. Атыраулық отбасы мінген сафари көлігі жеңіл көлікпен соқтығысқан еді.
Автор: Жанат Молдашова
06.09.2023
Апаттан атыраулық журналист Арайлым Бақытжан мен оның екі жастағы қызы оқиға орнында көз жұмған. Ал қатты жараланған 34 жастағы жолдасы жансақтау бөлімінде жатқан. Бүгін оның да ақтық демі үзілгені туралы қаралы хабар жетті. Атыраулық жас отбасы ұл-қыздарымен Анталья қаласына саяхаттап барған. Марқұмдардың сүйегі елге ертең жеткізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!